Өзбекстан Олий Мажлисінің делегациясы АҚШ Конгрессінде бірқатар кездесулер өткізді

    Сенаттың Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері комитетінің төрағасы Р.Алимов басшылығындағы Өзбекстан Олий Мажлисінің делегациясы АҚШ-қа іссапармен барды.

    Делегацияның сапары АҚШ Конгресс кітапханасы жанындағы парламенттік дипломатияны дамытуға мамандандырылған «Ашық әлем» жетекшілік орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

    Сенаторлар мен Олий Мажлистің Заң шығарушы палатасының депутаттары АҚШ Конгресінде америкалық серіктестерімен екіжақты кездесулер өткізді, сонымен қатар Ваяминг штатында барып, жергілікті билік органдарының қызметімен танысты.

    Келіссөздер барысында АҚШ тарапына Өзбекстанда адам құқықтары мен еркіндіктерін, заң үстемдігін, мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту және нығайту, жеке меншікті және шетелдік инвесторларды қорғауды, сонымен қатар экономиканы ырықтандыру жөніндегі жүзеге асырылған реформалар туралы толық ақпарат берілді.

    Конгрессмендер Т.Келли, В. Гонсалес, К.Миллермен болып өткен диалогта екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ «Өзбекстан бойынша Кокус» аясындағы өзара ынтымақтастық, сонымен қатар парламентаралық байланыстарды одан әрі жандандыру мәселелері талқыланды.

    Сұхбат кезінде екі ел парламенттері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының басқа да комитеттерінің мүшелерін Кокус қызметіне тарту сияқты мәселелерге назар аударылды.

    Сонымен қатар, тараптар мамандандырылған комитеттер мен екі ел парламенттері палаталарының бөлімдері арасындағы өзара тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates