Өзбекстан Париж пактісін жүзеге асыруда және ауған наркотрафикіне қарсы күрес бойынша Орталық Азиядағы негізгі мемлекет саналады

    Қауіпсіздік 19 Dekabr 2022 1345

    Өзбекстан делегациясы Вена қаласында БҰҰ-ның Есірткілер мен қылмыс бойынша басқармасының іс-шараларына қатысты.

    Министрлер Кабинеті құзырындағы Есірткі заттарды бақылау ұлттық ақпарат-талдау орталығының директоры басшылығындағы Өзбекстан делегегациясы Ауғаныстандағы ауған опиаттарының заңсыз айнадлымына қарсы күресбойынша ең маңызды құрылым — Париж пактісінің бастамашыл кеңес тобының Вена жиналысы мен БҰҰ-ның Есірткі заттары бойынша комиссиясының сессиясына қатысты.

    Делегация мүшелерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) жауапты қызметкерлерімен өткізген шаралары және кездесулері кезінде республикадағы есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері, трансшекаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылған істер, халықаралық жоба мен бағдарламалар талқыланды.

    Республиканың Ауғанстанға қатысты ұстанымы жарияланды, Өзбекстанның ауған халқына көрсеткен қолдауы, ресми Ташкенттің осы елдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысуы, Халықаралық көлік-логистикалық хабтың қызметі, Терміз қаласындағы Білім кластері, сондай-ақ республика басшылығының бастамасымен БҰҰ ұйымдастырған Халықаралық келіссөздер тобының қызметі туралы ақпарат берілді.

    Ауғанстан Орталық Азияның ажырамас бөлігі екені, бұл елдегі тұрақты бейбітшілік бүкіл аймақтың тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі екені ерекше атап өтілді.

    БҰҰ ЕҚБ ресмилерінің білдірген пікірінше, Өзбекстан Париж пактісін жүзеге асыру және ауған есірткісінің заңсыз айналымымен күресу бойынша Орталық Азиядағы негізгі мемлекет болып табылады. Сондай-ақ Өзбекстанда құрылған Ауғанстандағы жағдайды талдау және мониторингтеу ғылыми-зерттеу орталығының ауған есірткісінің заңсыз айналымына қатысты өзекті статистикалық деректерді алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды «Дуне» АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates