Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 12 қараша күні мультимодальды тасымалдар жөніндегі халықаралық форумға қатысу үшін Өзбекстанға келген Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырымды қабылдады.

    Кездесу басында мәртебелі қонақ Мемлекет басшысына Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемі мен ең ізгі тілектерін жеткізді.

    Кеңестің көпжақты бастамаларды үйлестіру және ілгерілету ісіндегі маңызы мен белсенді рөлі артып келе жатқаны ескеріліп, ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

    Биыл Будапешт пен Габала қалаларында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиттерінде Өзбекстан тарапы ұсынған стратегиялық бастамаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.

    Президентіміз Ақсақалдар кеңесінің институционалдық әлеуетін нығайту және түркі халықтарының ұлттық дәстүрлері, рухани мұрасы мен мәдени бірлігін сақтау бағытындағы бірлескен жобаларды ілгерілету жөнінде «Жол картасын» әзірлеуді ұсынды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates