Шавкат Мирзиёев Ауғанстан делегациясын қабылдады

    Саясат 3 Iyul 2025 2541

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Хонкенди қаласындағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Ауғанстан Премьер-Министрінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Мулла Абдул Ғани Бародарды қабылдады.

    Кездесуде сауда-экономика, көлік-логистика және энергетика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    Тауар айналымы мен бірлескен кәсіпорындар санының тұрақты өсіп келе жатқаны атап өтілді.

    Іскерлік байланыстар жандана түсті. Биыл мамыр айында Кабул және Мазари-Шариф қалаларында Өзбекстанның сауда үйлері ашылды. Маусым айында Жеңілдікті сауда режимі туралы келісімге қол қойылды.

    Өзбекстан басшысы шекара маңы саудасын және оған қажетті инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тау-кен, тоқыма және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да салаларда кооперациялық жобаларды ілгерілету маңызды екенін айтты.

    Стратегиялық маңызы бар өңірлік жоба – Трансауған темір жолының құрылысын жеделдету қажеттігі де атап өтілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates