Мемлекет басшысы Ауғанстан делагациясын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент халықаралық инвестициялық форумының аясында іс-шараларға қатысып жатқан Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады.

    Кездесу басында министр Өзбекстан басшысына Ауғанстан басшылығының шынайы сәлемін жеткізді.

    Кездесуде сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы, сондай-ақ геологиялық барлау және пайдалы қазбалар бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

    Іскерлік байланыстардың жанданып келе жатқаны атап өтілді. Өзара тауар айналымы мен бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді, екі ел компанияларының қатысуымен іскерлік сапарлар мен көрмелер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Термез қаласында Халықаралық сауда орталығы сәтті жұмыс істеуде. 2025 жылғы мамырда Кабул мен Мазари-Шариф қалаларында сауда үйлері ашылды.

    Өзбекстан Президенті экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізін одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

    Сондай-ақ «Хайратон» өнеркәсіптік орталығын тез арада құру, онда фармацевтика, жиһаз жасау, тоқыма, құрылыс материалдарын өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қуаттарын орналастыру қажеттігі айтылды.

    Трансауған темір жолы мен «Сурхон – Пули-Хумри» электр жеткізу желісін салу сияқты ірі өңірлік инфрақұрылымдық жобаларға қолдау білдірілді.