Кеңестің бірінші саммиті АҚШ Бейбітшілік институтында өтіп, Газа секторын қалпына келтіру, оған гуманитарлық көмек көрсету, осы өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне арналады.
Өзбекстан басшысы сапардың іскерлік бағдарламасы аясында Американың жетекші компаниялары мен қаржы институттары басшыларының қатысуымен стратегиялық жобалар таныстырылымына, сондай-ақ экономикалық салаға қатысты екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысады.
Еске сала кетейік, Бейбітшілік кеңесі АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған. Өзбекстан биылғы қаңтар айында Швейцарияның Давос қаласында оған құрылтайшы мемлекет ретінде қосылған.