Кездесуде «Air Products», «CNH Industrial» және «Silverleaf» компанияларының басшылары да қатысты.
Өзбекстан-АҚШ стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары жоғары деңгейге көтеріліп, палата екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып отырғаны атап өтілді.
Өзара сауда мен инвестиция көлемі тұрақты өсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және басқа да салаларда жобалар сәтті жүзеге асырылуда.
Кэролин Лэмм АҚШ іскер топтарының атынан Мемлекет басшысына екі елдің экономикалық ынтымақтастығына жеке көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысын білдірді.
Америка бизнесмендерінің Өзбекстандағы қызметін кеңейту, қаржы құралдары мен тетіктерін дамытудың озық тәжірибелерін енгізу, түрлі секторлардағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі нақты жоспарлары талқыланды.
Биылғы жылы Ташкент қаласында АҚШ-тың жетекші компаниялары мен банктерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.