Шавкат Мирзиёев БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі бастаған делегациямен кездесу өткізді

    Саясат 11 Iyun 2025 1192

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика және инфрақұрылым министрі Сухайл әл-Мазруи бастаған делегациямен кездесу өткізді.

    Кездесуге сондай-ақ «Amea Power», «Etihad Water & Electricity», «TAQA Water Solutions», «AD Ports» және «Masdar» сынды БАӘ-нің жетекші компанияларының басшылары қатысты.

    Сұхбат басында министр Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Премьер-М инистрі және Дубай әмірі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президенті Шейх Мансур бен Заид және Абу-Даби тақ мұрагері Шейх Халед бен Мұхаммедтің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Кездесу барысында Өзбекстан Президентінің биылғы қаңтар айындағы БАӘ-ге ресми сапары нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері қаралды.

    Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық серіктестік қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Тауар айналымы мен инвестициялар көлемі артып, бірлескен кәсіпорындар саны мен тікелей әуе рейстері көбейіп келеді.

    БАӘ-нің жетекші компаниялары қатысатын жобалар портфелі бүгінде 20 миллиард доллардан асты. Төртінші Ташкент инвестициялық форумы аясында БАӘ компанияларымен бірқатар жаңа келісімдерге қол қойылды.

    Кездесуде энергетика, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, қала құрылысы, сумен қамту және басқа да салалардағы ірі жобаларды жеделдету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates