Шавкат Мирзияев БАӘ делегациясын қабылдады

    Билік 10 Iyun 2022 5918

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкімет істері жөнінде министрі Мұхаммед бин Абдулла әл-Гаргави бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесуде тараптар Өзбекстан мен БАӘ арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және оны жаңа практикалық мазмұнмен байыту мәселелерін талқылады.

    Министр Мұхаммед әл-Гаргави БАӘ Президенті шейх Мұхаммед Әл Нахаян мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрі, Дубай Әмірлігінің губернаторы шейх Мұхаммед Әл Мактумның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформалар мен жаңғырту бағдарламасын толық қолдайтыны және оның тиімді жүзеге асуына қажетті көмек көрсетуге дайын екендігі айтылды.

    Соңғы жылдары Өзбекстан-БАӘ қарым-қатынастары қарқынды дамып келеді. Тауар айналымы мен инвестиция өсуде. Атап айтқанда, биылғы жылдың басынан бері екіжақты тауар айналымы екі есеге артып, елімізде 45 жаңа бірлескен кәсіпорын құрылды.

    Экономикалық ынтымақтастықты үйлестіру мен ілгерілетудің тиімді жүйесі негізінде БАӘ жетекші компаниялары мен ұйымдарының қатысуымен инвестиция көлемі 3 миллиард долларға жуық 17 ірі жоба жүзеге асырылуда.

    «Mubadala» компаниясымен бірлесе отырып, Талимаржан жылу электр орталығының қуатын кеңейту, «Masdar» компаниясымен елде жел және күн электр станцияларын салу жобалары жүзеге асырылуда.

    «Науаи» мультимодальды хабын және экономикалық аймағын дамыту, сондай-ақ кедендік әкімшілендіру жүйесін жаңғырту жұмыстары жетекші DP World компаниясымен әзірленуде.

    Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, логистика, цифрландыру және басқа да салаларда бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда.

    Келіссөздер барысында тараптар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, «Бір миллион бағдарламашы» бағдарламасы және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жеделдету саласындағы ынтымақтастықтың практикалық нәтижелерін атап өтті.

    Ұзақ мерзімді серіктестіктің жаңа бағыттары ретінде инновациялық және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық, негізгі секторларды реформалау, мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру және кадрларды даярлау бойынша диалогты кеңейту анықталды.

    Кездесуде Жиында қабылданған шешімдер мен алға қойылған бастамаларды толық жүзеге асыру үшін бірлескен «жол картасын» қабылдауға келісілді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates