Ұзақ мерзімді тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша БҰҰ институттары және орталықтарымен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу басында жоғары мәртебелі өкіл Мирослав Енча ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Мемлекет басшысына сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. БҰҰ құрылымдарының Жаңа Өзбекстанды құру жолындағы қайтымсыз реформалар бағдарламасын жан-жақты қолдауға дайын екендігі атап өтілді.
Кейінгі жылдары Өзбекстанның БҰҰ-мен өзара тиімді ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін айта кеткен жөн. 140-қа жуық бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Өзбекстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 6 қарары қабылданды.
Өзбекстан Адам құқықтары жөніндегі кеңеске, Экономикалық және әлеуметтік кеңес комиссиясына, ЮНЕСКО-ның Мәдени мұра комитетіне және басқа да көптеген құрылымдарға белсенді түрде қатысып келеді.
Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында ғана республикада БҰҰ аясындағы бірқатар маңызды халықаралық іс-шараларды, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ФАО конференциясын және Дүниежүзілік туризм Бас Ассамблеясының 25-ші мерейтойлық сессиясын өткізу жоспарланған.
Кездесуде тұрақты даму саласындағы ұлттық міндеттер мен мақсаттарды іске асыру бойынша практикалық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Орталық Азиядағы тату көршілік пен әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға және осы үдерісте БҰҰ-ның Алдын алу дипломатиясы бойынша аймақтық орталығының рөлін күшейтуге ерекше назар аударылды.









