Өзбекстан мен Иран Президенттері ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады

    Билік 16 Sentabr 2021 4884

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Душанбе қаласына жасаған сапарының бірінші күні аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раисимен кездесті.

    Кездесу әуелінде Мемлекет басшысы Иран Президентін жоғары мемлекеттік лауазымға сайлануымен шын жүректен құттықтап, жауапты жұмысына сәттілік тіледі.

    Осы жылдың басынан бері екіжақты тауар айналымы тұрақты түрде өсіп кележатқаны байқалады. Ауыл шаруашылығында, құс, балық, тамақ өнеркәсібі және басқа да салаларда бизнес -жобалар сәтті жүзеге асырылуда.

    Сауда-экономикалық байланыстардың қарқынын сақтау және жаңа «өсу нүктелерін» анықтау мақсатында Бірлескен үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыруға келісілді.

    Сонымен қатар, «жол картасы» негізінде өнеркәсіптік кооперацияны нығайту перспективалары мен екі елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану мүмкіндіктері құзырлы органдар деңгейінде мұқият зерттелетін болады.

    Мемлекет басшылары сұхбат барысында аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates