Мемлекет басшысын Ресей астанасының Внуково-2 әуежайында Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары – Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Өзбекстан мен Ресейдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сапқа тұрды. Салтанатты түрде қарсы алу рәсімі болды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, 6 қазанда екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді. Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

Саяси, сауда-экономика, инвестиция, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық және басқа да басым салалардағы жан-жақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын қарастыру жоспарланған. Аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылады.

Өзбекстан Президенті сондай-ақ Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен де келіссөздер өткізеді.