Мемлекет башысы Әзірбайжан СІМ басшысын қабылдады

    Билік 24 Yanvar 2023 3402

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 қаңтарда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысқан Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Жайхун Байрамовты қабылдады.

    Сқхбат басында Әзербайжанның сыртқы саяси кеңсесінің басшысы Өзбекстан басшысына Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің шынайы сәлемі мен тілегін жеткізді.

    Өзбекстан-Әзірбайжан стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Өзара тауар айналымының ұлғаюы, автомобиль өндірісі, мақта-тоқыма және жібек кластерлерін құру бойынша ынтымақтастық жобаларының барысы сөз болды.

    Сонымен қатар, мұнай-газ және химия өнеркәсібінде ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бірлескен инвестициялық қор құрылуда.

    Халықаралық және өңірлік құрылымдар, соның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы, Қосылмау қозғалысы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің жоспары мен іс-шаралары қаралды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates