Сапар бағдарламасына сәйкес, Париждегі Елисей сарайында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ Францияның ресми тұлғалары және жетекші компаниялары өкілдерімен кездесулер өткізу жоспарланған.

Сапар аясында Өзбекстан мен Франция арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайтудың маңызды мәселелері талқыланады.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық бірқатар келісімдер қабылдау жоспарланған.