Кездесуге лига мүшелері де қатысып, Өзбекстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестікті, соның ішінде парламенттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Достық лигасының, әсіресе оның төрағасы Таро Асоның Өзбекстан мен Жапония арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты дамытуға қосып келе жатқан үлесі жоғары бағаланды.
Парламентаралық байланыстарды нығайтуда және бірлескен бастамаларды ілгерілетуде парламенттердегі достық топтарының рөлін күшейту маңызды екені атап өтілді.
Кездесу соңында 2026 жылы кезекті Парламентаралық форумды Өзбекстанда өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Айта кетейік, Өзбекстанмен достық лигасы 2002 жылы құрылған. Қазіргі таңда оның құрамында 40-тан астам мүше бар, олардың қатарында Жапонияның белгілі саяси қайраткерлері, беделді депутаттары мен дипломаттары бар.