Кездеуде Ақылбек Жапаров Өзбекстан басшысына Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Осы жылдың наурыз айында өткен Өзбексатн - Қырғызсатн саммитінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларында ынтымақтастықтың басым жобаларын іске асыру, бірлескен инвестициялық компанияның қызметін ұйымдастыру маңызды екендігі сөз болды.