Өзбекстан басшысы 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы саммитке қатысады.

Күн тәртібінде көпжақты ынтымақтастықты кеңейту, ұйым қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері қаралады. Жиын қорытындысында Тяньцзинь декларациясы, сондай-ақ қауіпсіздік, цифрлық экономика, «жасыл» индустрия, энергетика, туризм және басқа да салалардағы әріптестікті дамыту мен нығайтуға бағытталған бірқатар ортақ құжаттар мен шешімдер қабылдануы жоспарлануда.

2 қыркүйек күні Бейжіңде Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен бірге Қытайдың ресми тұлғалары және жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізеді. Онда Өзбекстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту және практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.

Өзбекстан Президенті 3 қыркүйек күні Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысады.