Кездесуде цифрлық технологиялар, инновациялар және білім беру салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Ташкент қаласында цифрлық технологиялар саласында жоғары білікті мамандар мен инженерлер даярлауға маманданған «Мектеп 21» білім беру мекемесінің екінші кампусының ашылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, банк секторы мен қалалық инфрақұрылымды басқаруда тиімді цифрлық шешімдерді енгізу бойынша маңызды бірлескен жобалар сөз болды.