Саммиттің күн тәртібіне сәйкес ШЫҰ аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, ұйым қызметін кеңейту және жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылады.

Кездесу соңында ШЫҰ елдерінің басшылары экономикалық ынтымақтастық, цифрлық трансформация, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мәдени-гуманитарлық салалар және басқа да басымдықтар бойынша бірқатар шешімдер қабылдайды деп күтілуде.