Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев пен оның жұбайын Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев пен оның жұбайы жылы қарсы алды.

Резиденция алаңында мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеп тұрды. Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының алдынан өтті.

Әскери оркестрдің орындауында екі елдің әнұраны шырқалды.

Бірлескен суретке түсу рәсімінен кейін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің екіжақты кездесуі басталды.