Өзбекстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу басында Фуат Октай Түркия Президенті мен халқының Өзбекстан басшысына Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтауын жеткізді.
Түркия тарапы Өзбекстан Президентінің халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің халықаралық беделін нығайтуға бағытталған прагматикалық саясатын жоғары бағалайтыны және толық қолдайтыны атап өтілді.
Келіссөздер барысында парламентаралық байланыстарды дамытуға және жоғары деңгейде қабылданған шешімдердің орындалуына парламенттік бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы парламентаралық ынтымақтастық топтарын құру және тиісті «жол картасын» әзірлеу туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды құптады.
Сондай-ақ жиында өзара сауда көлемін ұлғайту және әуе қатынасын арттыру бойынша үйлестірілген шаралар қабылдау, перспективалы инвестициялық жобаларды ілгерілету, бірлескен мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу маңызды екені баса айтылды.