Өзбекстан басшысы Түркия делегациясын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 22 мамыр күні елімізге ресми сапармен келген Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесу басында Түркия парламентінің төрағасы Мемлекет басшысына Президент Режеп Тайып Ердоғанның шынайы сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

    Өзбекстан-Түркия жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейі, барлық деңгейдегі белсенді диалог пен алмасулар жалғасып жатқаны атап өтілді.

    Өзара сауда және инвестиция көрсеткіштері артып, бірлескен жобалар мен кәсіпорындар, әуе қатынасы көбейіп келеді. Екі елде бірлескен мәдени іс-шаралар өткізілуде.

    Өзбекстан мен Түркияның заң шығарушы органдары арасында тиімді қарым-қатынас орнатылды.

    Парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту, Өзбекстан-Түркия ынтымақтастығының күн тәртібін қалыптастыру және жоғары деңгейдегі келісімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуде достық топтары мен тиісті комитеттердің белсенді қатысуы маңызды екені айтылды.

    Инвестициялық бағдарламаларды ілгерілету, туризм, іскерлік және білім алмасуды ынталандыруға ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ халықаралық құрылымдар, әсіресе Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы парламентаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.ф

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates