Мемлекет басшысы Түркіменстан СІМ басшысын қабылдады

    15 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі» стратегиялық диалогы сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуі аясында Өзбекстанда болып тұрған Түркіменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.

    Сұхбат басында Рашид Мередов Мемлекет басшысына Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Халық Кеңесінің Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

    Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Өзара сауданың артып келе жатқаны ерекше атап өтілді. «Шавот-Тошовуз» сауда аймағы құрылуда. Өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларында өзара тиімді ынтымақтастық жалғасуда.

    Өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасулар кеңейіп келеді. Биыл Өзбекстанда ақын Махтумқули Фироғидың туғанына 300 жыл толуына байланысты бірқатар шаралар өтеді.

    Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық шеңберінде көпжақты серіктестіктің жаңа күн тәртібін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ өңірлік және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.