Мемлекет басшысы Қытай елшісін қабылдады

    Билік 6 Fevral 2023 4278

    6 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Цзян Янді қабылдады.

    Мемлекет басшысы елшінің Өзбекстан-Қытай достығы мен жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайтудағы жемісті еңбегі мен белсенді күш-жігерін атап өтті.

    Өткен жылдың қыркүйек айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Өзбекстанға мемлекеттік сапары сәтті өтті.

    Кейінгі бірнеше жылда тауар айналымы екі есе, бірлескен жобалар мен кәсіпорындар саны үш есе өсті. Ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржол құрылысы жобасын ілгерілету бойынша практикалық ынтымақтастық басталды.

    Мәдени-гуманитарлық алмасулар кеңейіп, білім, денсаулық сақтау, археология, туризм және басқа да салаларда маңызды бағдарламалар жүзеге асырылуда.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығымен екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі деңгейіне қосқан жеке үлесі үшін Елші Цзян Ян Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Достық» орденімен марапатталды.