«SANY» жел турбиналарын шығаратын әлемдегі жетекші 10 компанияның қатарына кіреді. Ол жел энергетикасы жабдықтарын өндіру және сату, жел электр станцияларын жобалау, салу, пайдалану және басқаруға маманданған.

Кездесуде компанияның Қарақалпақстан Республикасында жел электр станциясын салу, жел турбиналарының құрамдас бөліктерін, құрылыс және ауыр жүкті техника өндірісін локализациялау жөніндегі жоспарлары қолдау тапты.

Мемлекет басшысы шенеуніктерге қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруды жеделдету үшін жеке «жол картасын» қабылдауды тапсырды.