Кездесуде танымал көпжақты қаржы институтымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Білім беру мен технологиялық даму, әлеуметтік саланы қолдау, өнеркәсіп пен инфрақұрылымды жаңғырту, логистика мен цифрландыру, сондай-ақ энергетика және коммуналдық желілер саласындағы бағдарламалар мен жобалар ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттары ретінде атап өтілді.
Осы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында нақты жобаларды әзірлейтін бірлескен сарапшылар тобын құру жөнінде келісімге қол жеткізілді.