Мемлекет басшысы Берлинде ГФР Канцлері Олаф Шольц және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөздер жүргізді.
Германияның жетекші компаниялары мен банктерінің басшыларымен кездесу өтті.
Өзбекстан мен Германия Президенттері бірлесіп Джеймс Саймон галереясын аралап, «Өзбекстанның археологиялық қазыналары. Ескендір Зұлқарнайыннан Кушан патшалығына дейін» атты бірегей көрмені ашты.
Сапар барысында экономика, сауда, қаржы, білім, ғылым және инновация салаларында 16 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.
Сапар бағдарламасындағы іс-шаралар аяқталғаннан кейін жоғары мәртебелі мейманды «Берлин-Бранденбург» әуежайында Германияның ресми өкілдері шығарып салды. Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.