Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы 19 шілдеде Жидда қаласында өткен «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі» форматындағы бірінші саммитке қатысып, сөз сөйледі. Шара аясында Сауд Арабиясының тақ мұрагері және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесу өтті.
Мемлекет басшысы қасиетті Мекке қаласына барып, умра қажылығын орындады.
Президент Шавкат Мирзиёевтің жұмыс сапары аяқталып, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.