Оның айтуынша, мұндай ғимараттарды салу оңайырақ, арзан әрі жылдамырақ болатынын, өйткені барлық қабаттар уинификацияланған және зауытта құрастырылады. Бұл жоғары сапаны, энергия тиімділігін және минималды пайдалану қаражаттарын қамтамасыз етеді. Динамикалық ғимараттары бар ерекше жоба жақын арада Американың ең ірі қалаларының бірінде жүзеге асырылады, сонымен қатар мұндай жоба Өзбекстанда да басталуы көзделуде. Жоба қаражаттарының 85 пайызын Италия экспорт несиесі арқылы қаржыландырылуы жоспарланған.
Филипп Дессой өз сөзінде аймақтағы құрылыс сапасының бірте-бірте жақсарып келе жатқанын, бірақ қолайлы деңгейге жету үшін әлі талай жолды басып өту керек екенін атап өтті. "Бірінші басқыштан-ақ сапалы құрылмаса, болашақта міндетті түрде қайта құруға және ақша жұмсауға тура келеді. Бұл үнемдеу емес, кешіктірілген зиян", - деді ол. Сондай-ақ, ол, әсіресе, көпқабатты үйлерді құруда қауіпсіздіктің маңыздылығына тоқталды, Өзбекстанда жас және әлеуетті еңбек ресурстары бар екендігі кәсіпқойлықты арттыру мен жаңа стандарттарды енгізу үшін негіз ретінде оң бағалады.
Владимир Иванов болашақ мегаполистерді тек инвесторлар үшін ғана емес, ең алдымен адамдар үшін жасау керектігін баса айтты. Ол жас ұрпақтың талпыныстарымен таныса отырып, Жаңа Ташкент тұрғындарының, әсіресе, Альфа буынының мүлде басқа өмір салтына ұмтылатынын атап өтті. Оларды көбірек табиғат, индивидуалды әрекетшеңдік, смарт инфрақұрылым және коммуналдық қызмет үшін минималды қаражжаттар қызықтырады.
«Олар (жастар) осылай деп айтуда: «Мен сәулет өнерінен көзіммен, сезіміммен ләззат аламын, барып көрейін, бірақ өзіме ықшам, шағын пәтер алайын, көп шаршы метрдің керегі жоқ, оған ақша жұмсағым келмейді. Көшеге шықсам, сол жерде жайлы болғанын қалаймын. Достарыммен ойнайтын, спортпен шұғылданатын, даму үшін мүмкіндік болсын» және т.б. Бір қызығы, біз, біздің ұрпақ өлкен үйге ие болуын қалаймыз, бұл жолда ұзақ жүрдік. Бірақ олар басқаша, басқаша өмір сүреді», — деп айтты Иванов.
Ол сондай-ақ қалалық инфрақұрылымның тығыздығы төмен орталарда қымбат екенін атап өтті және дизайнерлерді кеңістік, экономика және тұрақтылық арасындағы тепе-теңдікті сақтауға шақырды. Ол қала құрылысының негізгі принциптері ретінде цифрландыруды, экологиялық материалдарды пайдалануды, тарихпен байланыстыруды және тұрақтылыққа назар аударуды атап өтті.
"Ташкент бұрыннан-ақ елдің жалпы ішкі өнімінің 20 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отыр. Жаңа қаланың дамуымен бұл үлес бұдан да арта түседі – өйткені дәл осы жерде қосымша құнды құруды білетін адамдар өмір сүріп, жұмыс істейді", - деп түйіндеді ол.
Сессияда Ташкенттің бүкіл Орталық Азияның негізгі өсу орталықтарының біріне айналуға мүмкіндігі бар екені айтты. Қазірдің өзінде аймақ басшылары мүдделердің ұқсастығы мен күш-қайратын бірлестіру қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдіруде.
Жаһандық деңгейіндегі бәсекеде талантты, идея мен капиталды біріктіре алатындар жеңеді. Жаңа Ташкент заманауи қала ғана емес, сонымен қатар инвесторлар, инженерлер, қала құрылысшылары мен болашақ ұрпақ үшін тартымды болатын тұрақты мегаполис үлгісін құру мүмкіндігі.







