Биылғы жылдың 1 сентябрьден бастап әрбір салынып жатқан нысанда QR код паспорты болады

    Бұл арқылы қала құрылысы субъектілері, құрылыс мерзімдері, қала құрылысы құжаттары мен бекітілген сараптамалық қорытындылары туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік бақылауды тиімді ұйымдастыру іс-шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, 2025 жылдың 1 сентябрінен бастап салынып жатқан әрбір нысанға QR-код паспорты енгізіледі.

    Бұл арқылы қала құрылысы субъектілері, құрылыс мерзімдері, қала құрылысы құжаттары, бекітілген сараптамалық қорытындылары туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердегі аумақтарды, сондай-ақ жертөлелерді реконструкциялау және қайта жоспарлау кезінде қала құрылысы нормаларын бұзғандығы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылымдық бөліктері мен тірек қабырғаларына өзгерістер енгізуге,бұзу және ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігіне теріс әсер ететін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

    2025 жылғы 1 июльден бастап:

    барлық ауыз сумен қамтамасыз ету және сарқынды суды шығару жүйесі нысандары міндетті түрде келісімшарт негізінде технологиялық аудиттен өткізіледі;

    аумақтық инспекцияларда кезең-кезеңімен Құрылыс нысандарын онлайн бақылау орталығы құрылады;

    сынақ ретінде 2025 жылы мемлекеттік бюджет есебінен Қашқадария облысындағы жаңадан салынып жатқан нысандарға бейнекамералар орнатылады;

    құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жылжымалы бейнекамералар (боди камералары) және арнайы планшеттер қолданылады.