Өзбекстан-Қазақстан кеден қызметтері басшыларының іс жүзіндік кездесуі өтті

    Өзбекстанның Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлонов пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің басшысы Али Алтынбаев арасында келіссөздер жүргізілді.

    МКК мәліметтеріне қарағанда, кездесу барысында екі елдің кеден қызметінің басшылары Өзбекстан-Қазақстан шекарасындағы «Жібек жолы» және «Ғишткўприк» шекара кеден постының қызметімен танысты.

    Жалпы жыл соңына дейін «Ғишткўприк» шекара кеден постында 2,3 миллионнан астам жеке тұлға мен 48,5 мыңға жуық көлік құралын кеден бақылауы мен ресімдеу жүзеге асырылған.

    Іс жүзіндік кездесу барысында өткізу пункттерін қайта құру және жаңғырту басты назарда болды. Себебі, екі ел арасындағы сауда-саттықтың кеңеюі алдағы уақытта шекара бекеттерінде түрлі қолайсыздықтар мен кептелістерге әкелуі мүмкін.

    Тараптар осы келеңсіздіктерді жою мақсатында Өзбекстан-Қазақстан шекарасында орналасқан «Навоий» (Өзбекстан) – «Қабыланбек» (Қазақстан) және және «Дауыт ата» (Өзбекстан) – «Тажен» (Қазақстан) шекаралық кеден өткізу пункттерінде құрылыс –жасампаздық жұмыстарын жүргізуге, мұнда құрылыстың басталуы мен аяқталуын бір уақытқа белгілеуді келісті.

    Келіссөздер барысында, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы өзара ақпарат алмасуға қызмет ететін ақпараттық жүйені одан әрі жетілдіру бойынша кезектегі іс-шаралар белгіленіп алынды.

    Шарада жақында қол қойылған энергетика ресурстарын Өзбекстан-Қазақстан кедендік шекарасынан алып өтуде біргелікте кеден бақылауынан өткізу туралы бітімін жүзеге асыру мәселесіне айрықша назар аударылды.

    Сұхбатта 2022 жылдың март айында Ташкент қаласында екі елдің кеден қызметтерінің мамандары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара саудаға қатысты кеден статистикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс кеңесін өткізу, «С.Нажимов» (Өзбекстан) — «Қазығұрт» (Қазақстан) және «Сырдария» (Өзбекстан) — «Атамекен» (Қазақстан) шекара кеден постарын қайта құру мәселелерін талқылады, өзара тәжірибе алмасуға назар аударылды.

    Кездесу соңында тараптар талқыланған мәселелер бойынша хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates