Онда Қамбарота ГЭС-1 құрылысы жобасы, электр энергетика және су ресурстары мәселелері талқыланды.
Кездесуде Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Ж. Мирзамахмудов пен Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев, Қырғызстан Республикасының Энергетика министрі Т. Ибраев, Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Ж. Нұрмағанбетов және тараптардан бірқатар ұйымдардың басшы қызметкерлері мен мамандары қатысты.
Жиында Қамбарота ГЭС-1 құрылысының жобасы бойынша қол қойылған «Жол картасын» іске асыру барысы мен ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы құжат жобасы қаралды. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға дайындықтың негізгі кезеңдері келісіліп, осыған байланысты келесі кездесуді ағымдағы жылдың март айының соңғы декадасында өткізуге келісілді.
Сонымен қатар, өңірдегі су-энергетика жағдайы, электр энергетикасының қазіргі жағдайы, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмасты. Тоқтоқул су қоймасы қорын жазғы суару кезі үшін сақтау барысы қаралуы қажет болған шаралары талқыланды.
Сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстанның энергетикалық жүйелері арқылы Қырғызстан Республикасына электр энергия транзитін жүзеге асыру, қазақ және өзбек электр энергиясын Қырғызстан Республикасына жеткізіп беру сондай-ақ Үшқорған ГЭС арқылы Өзбекстан мен Қазақстан Республикаларының ауыл шаруашылығы тұтынушыларына жазғы суару кезінде су шығару көлемдері келісілді және кезектегі кездесу 2023 жылдың октябрь айында Астана қаласында өткізілуі белгіленді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.