Өзбекстан Республикасының делегациясы Тәжікстан Республикасындағы өтіп жатқан халықаралық парламенттік конференцияға қатысуда

    Ағымдағы жылдың 10-11 октябрь күндері Душанбе қаласында «Тәжікстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» тақырыбындағы халықаралық парламенттік конференция болып өтуде.

    Бұл халықаралық конференция парламентаралық ынтымақтастық пен диалогты одан әрі кеңейту мен нығайтуға бағытталған.

    Конференцияны өткізудегі мақсаты – конституциялық-құқықтық реформаларды жүзеге асырудағы ұлттық және халықаралық тәжірибелерді салыстырмалы түрде талдау жүргізу.

    Бұл ретте, ұлттық және әлемдік конституциялық дамудағы жаһандық үдерістердің мәнін анықтау және қоғамда конституциялық құндылықтарды ілгерілетудің халықаралық тәжірибесін зерделеу де көзделген.

    Конференцияға Орталық Азия елдері, Ресей Федерациясы, Иран, Беларусь, Әзербайжан және Армения елдері парламенттерінің басшылары қатысуда.

    Конференция аясында Тәжікстан Республикасының Президенті Имамали Рахмон мен парламент басшыларының көпжақты кездесуі өтті.

    Осы кездесуде Сенат Төрайымы Танзила Нарбаева Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық қарым-қатынастар кеңейгені, сонымен қатар парламентаралық ынтымақтастық одан әрі дамып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Конференция өз жұмысын ертең де жалғастырады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates