Біріккен мәжілісте Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары бойынша өкілі (омбудсманның) Қарақалпақстан Республикасында адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өтініші қаралды.
Мәжілісте Олий Мажлис палаталары Кеңестерінің 2022-жылғы июль айында Қарақалпақстан Республикасында болған жағдай мен оқиғаларды зерттеп, олар бойынша тәуелсіз тексеру жүргізу үшін комиссия құру туралы біріккен қаулы қабылданды.
Осы қаулымен Комиссияның құрамы мен Комиссия туралы ереже де бекітілді.
Комиссия құрамына Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің өкілдері мен халық депутаттары, беймемлекеттік бейкоммерциялық және қоғамдық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері кірітілді.
Комиссияға басшылық жасау Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары бойынша өкілі Ф.Эшматованың міндетіне жүктетілді.
Тергеу нәтижелері жарияланып, Өзбекстан жұртшылығына және әлем жұртшылығына жеткізілетін болады.
Осыған орай Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасы мен Сенат Кеңестерінің бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.