Мәжілісте Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының жиырма төртінші жалпы мәжілісін 2022 жылғы 17 март күні шақыру туралы қаулы қабылданды.

Бейнеконференцбайланыс түрінде өтетін екі күндік жалпы мәжіліс аясында бірқатар мәселелер қаралатыны айтылды.

«Өзбекстан Республикасының Еңбек кодексін бекіту туралы», «Банктік емес несие ұйымдары және микроқаржы қызметі туралы», «Киберқауіпсіздік туралы», «Органикалық өнімдер туралы» және «Жарнама туралы» заңдар осылардың қатарына кіреді.

Бұдан тыс, «Өзбекстан Республикасының Азаматтық кодексіне қинауға салудан жәбірленгендерге жеткізілген зиянды қаптау тәртібін жетілдіруге қаратылған қосымшалар енгізу туралы», «Адам ағзалары мен жасушаларының трансплантациясы туралы»  Өзбекстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы»,  «Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдарды талқылау жоспарланған.

Сондай-ақ сенаторлар Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары бойынша өкілі  (омбудсманның) 2021 жылдағы қызметі туралы есебін тыңдайды.

Жалпы мәжілісте Қашқадария облысы Шырақшы ауданының шекарасын өзгерту және Көкдала ауданын құру туралы мәселе қаралады.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің 2021 жылғы қызметі туралы, Ішкі істер министрінің  құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың профилактикасының жағдайы туралы 2021 жылдың қорытындысы бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  агенттігі директорының мемлекеттік органдар мен ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде  атқарылған жұмыстары туралы ақпарын тыңдауы да жоспарланған.

Сенаторлар тарапынан  қан және оның құрамдық бөлімдері донорлығы саласын дамыту үшін қаралып жатқан шаралар туралы Министрлер Кабинетіне жолдаған парламенттік сауалдардың қорытындысын қарау көзделген.

Сондай-ақ жалпы мәжілісте Олий Мажлис Сенатының Аграр және су шаруашылығы мәселелері комитетінің  2020-2021 жылдарға арналған қызметі туралы есебі тыңдалады.

Сонымен қатар, сенаторлар Өзбекстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын және Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты Кеңесінің қаулыларын бекіту туралы мәселені қарайды.

Сондай-ақ, Сенат Кеңесінің мәжілісінде Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен тағайындалған және Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларына сәйкес тіркеуден өткен сенаторлар Зулайхо Бахриддиновна Махкамова мен Гулнора Махмудовна Маруфова Сенаттың тиісті комитеттерінің мүшелері болып сайланды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.