Сұхбат барысында тараптар Өзбекстан-Әзербайжан қарым-қатынастарының жоғары қарқынын, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік рухындағы көпқырлы және өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңейгенін ризашылықпен атап өтті. Өзбекстан мен Әзербайжан басшылары арасындағы ашық және сенімді қарым-қатынастары екіжақты байланысты дамытуда берік негіз болып табылады.

Тараптар Өзбекстан мен Әзербайжан түркі тілдес мемлекеттердің ұйымдарында белсенді түрде қатысып жатқанын атап өтті.

Кездесуде парламентаралық  ынтымақтастық дәйекті дами түскені, екі елдің заң шығару органдарында достық топтары жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды.

Кездесу барысында жоғары деңгейдегі екіжақты келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге, соның ішінде парламенттердің сауда-экономикалық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық, тағы басқа салалардағы біріккен жобаларды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша  өзара ынтымақтастыққа  ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ парламенттердің тиісті комитеттері мен комиссиялары арасында тығыз байланыс орнату, парламенттік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру қажеттігі айтылды.

Тараптар халықаралық ұйымдар мен парламентаралық құрылымдар аясындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға және бір-бірін  қолдап-қуаттауға мүдделі екенін білдірді.

Кездесуде  өзара мүдделі басқа мәселелер де талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты мен Әзербайжан Республикасының Ұлттық Мәжілісі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.