Жалпы отырысты Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева жүргізуде.

Бейнеконференцбайланыс режимінде өтіп жатқан мәжіліске сенаторлар, үкімет мүшелері, министрліктер мен кеңселердің өкілдері, сондай-ақ ұлттық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысуда.

Сенаторлар өз жұмысын 2017-2021-жылдары Өзбекстан Республикасын дамытудың бес үстем бағыты бойынша Әрекеттер стратегиясын “Жастарды қолдап-қуаттау және тұрғындардың денсаулығын нығайту жылында” жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша  Министрлер Кабинетінің есебін қараудан бастады.

Жалпы мәжіліс  “Өзбекстан” және “Uzreport” телеарналарында, сондай-ақ Сенаттың www.senat.uz ресми сайтында және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.