Самарқандта өткен Азия әйелдер форумының бағдарламасы аясында БҰҰ делегациясы қазір Өзбекстанда сапармен жүр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі жетекші институтының басшысы Мемлекет басшысына Бас хатшы Антониу Гутерриштің шынайы сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Өзбекстандағы қыз-келіншектердің мәртебесін түбегейлі жақсартуға және олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған тиімді реформалар жоғары бағаланды.
Кездесуде еліміздің «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен сындарлы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, Өзбекстан әйелдер құқығын қорғау және ілгерілету саласындағы барлық негізгі халықаралық конвенцияларға қосылып, БҰҰ-ның тиісті комиссиясының жұмысына белсенді түрде қатысып келеді.
Азия әйелдер форумының табысты нәтижелері жоғары бағаланды. Бұл форумды Азия аймағындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша тұрақты диалог алаңына айналдырудың маңыздылығы атап өтілді.
Өңірлік деңгейдегі нақты жобалар мен бағдарламаларды қамтитын өзара ынтымақтастықтың орта мерзімді перспективалық бағдарламасын қабылдау қажеттігі айтылды.
Өзбекстанда «БҰҰ-Әйелдер» өкілдігін ашу мәселесі қолдау тапты.