Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу басында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
2021 жылдың желтоқсан айындағы болған саммитте Өзбекстан мен Қазақстан басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша екі ел үкіметтері қабылдаған шаралар қарастырылды.
Сауданы ұлғайту және оның көрсеткіштерін теңгеру үшін қолайлы жағдайлар жасауға, жаңа өнеркәсіптік кооперация мен логистикалық орталықтарды құруды жеделдету, су, энергетика және көлік-коммуникация салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, өңіраралық диалог пен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандыруға ерекше назар аударылды.