Мемлекет басшысының Тегеранда Иран Президенті Ибрахим Раиси және Жоғарғы діни көшбасшы аятолла Сайед Әли Хаменеимен кездесулер өткізу жоспарланған.

Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Иран арасындағы көп қырлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері және басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастық қарастырылады. Аймақтық күн тәртібі бойынша пікір алмасылады.

Сапар аясында екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.