Шавкат Мирзиёев ЕҚҚДБ президентін қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 1 мамыр күні Ташкент халықаралық инвестициялық форумы мен Шетелдік инвесторлар кеңесінің үшінші отырысы қарсаңында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо бастаған делегацияны қабылдады.

    Кейінгі жылдары Өзбекстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында әріптестік қарым-қатынастың жоғары деңгейіне қол жеткізіліп, тығыз және тиімді ынтымақтастықтың жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

    Бүгінде банктің Өзбекстандағы жобалар портфелі 4,4 миллиард еуродан асады. Олардағы жеке сектордың үлесі 70 пайызға жетті.

    Өзбекстан мен ЕҚҚДБ арасында ең алдымен шағын және орта бизнес, әйелдер кәсіпкерлігі, баламалы энергетика, цифрлық технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықтың бағыттары мен ауқымын кеңейту мақсатында жаңа серіктестік стратегиясы қабылданды.

    Банктің қолдауы және тікелей қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге дайындау бойынша шаралар қабылдануда, банк және қаржы секторында ірі мәмілелер жасалды, «жасыл» энергетика, көлік инфрақұрылым, экология және басқа да басым салаларда нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде.

    Мемлекет басшысы сумен қамтамасыз ету, энергетика, жол инфрақұрылымы, «жасыл» қалаларды дамыту бойынша жаңа жобаларды жылдам дайындау және жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

    Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысының күн тәртібіне қатысты да пікір алмасылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates