Өзбекстан басшысы 19 мамырда Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанның шақыруымен Будапештке барады.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, Венгрияның ресми тұлғалары және жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер жоспарланған.
Күн тәртібіне екі ел арасындағы нақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейту мәселелері енгізілген.
21 мамырда Венгрия астанасында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді, оған Президент Шавкат Мирзиёев қатысады.
22 мамырда Мемлекет басшысы Любляна қаласында Словения Президенті Наташа Пирц Мусармен кездеседі, ел парламенті мен үкіметінің басшыларымен келіссөздер жүргізеді және бірлескен іскерлік шараларға қатысады.
Сапар аясында өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, фармацевтика, өнеркәсіп, тамақ және тоқыма салаларында кооперациялық жобаларды жүзеге асыру, еңбек миграциясы және гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланбақ.