Құжатпен жеке тұлғаның электрондық өтінішін қалыптастыруды және төмендегілерде жеке идентификация нөмірін беруді көздейтін жеке тұлғаның жеке идентификация нөмерін анықтау және беру тәртібі туралы әкімшіліктің регламенті бекітілді:
Өзбекстан Республикасының аумағында туылған барлық тұлғаларға туылғандықты тіркеу үдерісінде;
шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ тұлғаға идентификация ID-картасы берілгенде;
шетелдің азаматына Өзбекстан Республикасының аумағында уақытша болғанда немесе өз қызметін сенімді өкілі арқылы жүзеге асырғанда;
азаматтығы болмаған тұлға биометриялық жол жүру құжатын беру ресімделгенде;
шетелде уақытша немесе тұрақты жасайтын Өзбекстан Республикасының азаматтары, олардың перзенттері, шетел азаматтары және азаматтығы болмаған тұлғаларға.
Министрлер Кабинетінің құзырындағы Мемлекеттік персоналдық орталықтарға Сыртқы істер министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен және Әділет министрлігімен бірге 2022 жылдың 1 июлінен бастап Өзбекстан Республикасының азаматтарына, Өзбекстан Республикасының аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы болмаған тұлғаларға, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының аумағында уақытша болып тұрған немесе өз қызметін сенімді өкілі арқылы жүзеге асырып жатқан шетел азматтарына жеке идентификация нөмерін беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілуін енгізу тапсырылды.
Қаулымен кейбір заң құжаттары өз күшін жойды деп табылды.