Өзбекстан-Ресей: Ташкентте туристік форум өтіп жатыр

    Туризм 19 Noyabr 2021 965

    Өзбекстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастығының екінші форумы аясында бейнеконференцбайланыс форматында екі ел арасындағы туристік форум өтті.

    Шараға Өзбекстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі басшылығы, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарлары, Бұхара, Самарқант және Хорезм облыстары әкімдерінің туризм, спорт және мәдениет мәселелері бойынша орынбасарлары, Өзбекстанның туризм ассоциацияларының басшылары мен туристік компанияларының өкілдері қатысты.

    Ресей делегациясының құрамында Ресей Федерациясы Туризм бойынша федералдық агенттігінің және Ресей Туроператорлары ассоциациясы басшылығы, Челябинск облысы мен Қырым Республикасының министрлері, Мәскеу және Санкт-Петербург қалалары әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ ресейлік туристік бірлестіктер, альянстары және туристік компаниялар келді.

    Өзбекстанның туристік әлеуетін және елдің туристік өндірісін дамыту, пандемия кезінде жеке секторды мемлекеттің қолдап-қуаттау іс-шаралары, шетелдік қонақтарды қабылдау үшін жасалған жағдайлар, туризм инфрақұрылымын дамыту, туристік бағыттарды әртараптандыру, туристік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, туризм түрлері, сондай-ақ мәдени, зиярат, гастрономиялық, қысқы, этникалық бағыттар сияқты тақырыптарда тұсаукесер мен мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар еліміздің туристік орталықтарымен, көне қалаларымен де жақыннан танысты.

    Өзбекстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бірінші орынбасары Улуғбек Аъзамов атап өткендей, Ресей Федерациясы Өзбекстанмен туризм саласында ынтымақтастықта көшбасшылардың бірі болып табылады және Ресей азаматтары саяхатшы ретінде мемлекетімізге белсенді келуде. Ресейден Өзбекстанға саяхатшылар ағымы жыл сайын артып келе жатқанын, ал 2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңде бұл көрсеткіш 455 470-ке жеткенін ризашылықпен тілге тиек етті.

    Форум қорытындысы бойынша тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, туристер ағымын арттыруға, әуе қатынасын қалпына келтіруге және кеңейтуге, Өзбекстан мен Ресейдің, сондай-ақ Өзбекстанның туристік ұйымдары мен туризмі арасындағы тұрақты диалог үшін шаралар кешенін даярлауға келісті. Өзбекстан мен Ресей бірлескен жобаларды туристік бизнесті белсендірек қолдауға келісіп алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates