Өзбекстан-Сингапур бизнес-форумы өтті

    Бизнес 16 Yanvar 2023 1163

    Үстіміздегі жылдың 16 январында Өзбекстан Республикасы Президентінің ресми сапары қарсаңында Сингапурде екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған Өзбекстан-Сингапур бизнес-форумы өтті.

    Шарада Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов, Сингапур сауда және өнеркәсіп министрі Ган Ким Ёнг, Сингапур бизнес федерациясының төрағасы Лим Минг Ян, тиісті министрліктер мен кеңселер, салалық бірлестіктері басшылары, сондай-ақ екі мемлекеттің жетекші корпорациялары, холдинг және компаниялардың 200-ден астам өкілдер қатысты.

    Лазиз Қудратов құттывқтау сөзінде Өзбекстан мен Сингапур арасындағы қарым-қатынаста жаңа парақ ашады деп күтілетін жоғары деңгейдегі сапардың маңыздылығына тоқталды.

    – Біз алдағы өтетін шараның барлық мүмкіндіктерінен үнемді пайдаланып, оның күн тәртібін нақты келісімдермен байытуға бел будық, – дейді Лазиз Қудратов.

    Форум барысында қатысушыларға елімізде жүзеге асырылған инвестициялық тартымдылықты арттыруға, инвесторларды қорғауды күшейтуге және сыртқы сауданы ырықтандыруға бағытталған реформалар туралы ақпарат берілді. Қабылданған бағдарламалардың нәтижелілігі бойынша шетелдік серіктестердің Өзбекстанға деген қызығушылығы артып, сенімі нығайып келе жатқаны атап өтілді.

    Қатысушылардың назары екі елдің іскер топтың шеңберлері қатысуымен жаңа инвестициялық жобалары әзірленіп, жүзеге асырылып жатқанына, сауда-өнеркәсіптік кооперацияның дамуына, жалпы алғанда, кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастықты тереңдетудің оң динамикасына қаратылды.

    Соңғы жылдары Сингапурдың Өзбекстанға салған инвестициясының көлемі 700 миллион доллардан асты, Сингапур капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындар саны 4-ке, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2 есеге артты. Өзара тауар айырбастау көлемінің арттырылуы ең болашағы зор шаралары ретінде аумақаралық транспорт-логистикалық жобаларды жүзеге асыру, қолданыстағы көлік дәліздері мен инфрақұрылымдарын белсенді пайдалану бағыттары белгіленді.

    Өз кезегінде, Сингапур тарапы Өзбекстанмен кең көлемді салалардағы серіктестікті одан әрі нығайту мен кеңейтуде жалғастыру ниеті қатаң екені растады. Химия, тоқымашылық, фармецевтикалық , ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, білім, денсаулық сақтау, логистикалық, сондай-ақ IT секторы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың үстем салалары ретінде белгіленді.

    Форум бағдарламасы Сингапурдың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен жалпы мәжілісімен жалғасты. Онда Indorama Group директоры Пракаш Кежривал, Сингапур менеджментін дамыту институтының президенті Эрик Куан және PSA International бас директоры Ван Чи Фо екі мемлекет іскерлерінің өкілдерімен Өзбекстандағы тиімді бизнесті жүргізудің іс жүзіндік жақтары, көлік және логистика салалрындағы ынтымақтастық болашақтарын талқылады.

    Шара бағдарламасы аясында B2B келіссөздері мен еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы және Өзбекстан экономикасының түрлі салаларындағы кесіміндегі нақты жобалар тұсаукесерлері өткізілді.

    Бизнес-форум қорытындысы бойынша сауда, инвестиция және қаржы бағыттарында, химия, энергетика және тоқымашылық өнеркәсібі, өнеркәсіптік аймақтарды дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және азық-түлік өнімдерін өндіру, сондай-ақ құрылыс, білім, денсаулық сақтау және фармацевтикалық салаларындағы 22 келісімшарттар мен келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates