Өзбекстанның білім беру жүйесінің жетістіктері халықаралық аренада тағы да мойындалды

    Ташкент қаласындағы Президент мектебінің оқушылары Пахлавон Ғуломов пен Асилбек Ашрапов және олардың ұстазы Сохибхан Азизовтың жаңбыр суын ішуге жарамды деңгейге дейін қайта өңдеу жобасы жеңіске жетті.

    Өзбекстанның білім беру жүйесінің жетістіктері халықаралық аренада тағы да мойындалды. Ташкент қаласындағы Президент мектебі Шейх Заид Ол Нахаян атындағы беделді сыйлықтың «Жаһандық орта мектептер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

    Мектеп оқушылары Пахлавон Ғуломов пен Асилбек Ашрапов және олардың ұстазы Сахибхан Азизовтың жаңбыр суын ішуге жарамды деңгейге дейін өңдеу жобасы жеңіске жетті. Байқауға 156 елден жалпы 5980 өтініш келіп түскен еді.

    Абу-Дабиде сыйлықты оқушыларға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мухаммад бин Заид Ол Нахаянның өзі табыс етті.

    «Жастарымыздың бұл үлкен жетістігі баршамызға мақтаныш сезімін ұялатады, сонымен қатар Президентіміз таңдаған тұрақты және «жасыл» даму жолы дұрыс екенін тағы бір рет дәлелдеді. Біз оқушыларымызға бұдан да биік жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз», - деп жазды Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзияева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.