Мемлекет басшысы мамандандырылған мектептер қызметін жетілдіру жайлы жиын өткізді

    Билік 17 Yanvar 2022 7858

    17 қаңтарда Президент Шавкат Мирзиеев мектептердегі білім сапасын арттыру, мамандандырылған мектептердің қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған бейнеконференция өткізді.

    Өзбекстанда көптеген білім ошақтары салынып, мамандандырылған мектептер құрылуда. Президент мектептерінің құрылысы басталғанда Мемлекет басшысы олар басқа мекемелерге үлгі болып, білім беру ортасын өзгертетінін айтқан болатын. Дәл солай болуда. Қоғамымызда ғылымға деген құштарлық артып келеді. Кітап оқуға ынталы ата-аналар мен жастар көбейді.

    2019 жылы елде 271 мамандандырылған мектеп болды. Президентттің нақты ғылымдар мен шет тілдерін оқыту жөніндегі бастамалары мен шешімдерінің нәтижесінде математика мен физика бойынша 126, химия мен биология бойынша 87, ақпараттық технологиялар бойынша 99 және шет тілдері бойынша 207 мамандандырылған мектеп құрылды.

    Осылайша, халыққа білім беру жүйесіндегі мұндай мектептердің саны 790-ға жетті. Оның 135-і толық мамандандырылған, жатақханасы бар.

    – Біз бір нәрсені түсінуіміз керек: біз экономикамызға үлкен белеске жету мақсатын қойғанбыз. Биыл экспорт көлемін 14 миллиард долларға жеткізбекшіміз. 2025 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өнімін 100 миллиард долларға, экспортты 30 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мұны кім жасайды? Білімді кадрлар! - деді Президент.

    Мамандандырылған мектептерді кезең-кезеңімен Президент жанындағы Білім беру мекемелері агенттігінің жүйесіне көшіру жоспарлануда.

    – Біз бұл Агенттікті 14 мектеп үшін ғана құрған жоқпыз. Ол Президент мектептерінің атмосферасын, әдістемесін басқа мектептерге жеткізуі керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Сондықтан жаңа оқу жылынан бастап Нөкіс қаласында және облыс орталықтарында екі, аудан мен қалаларда бір мектептен таңдап алынып, Президент жанындағы білім беру мекемелері жөніндегі агенттік жүйесіне өтеді.

    – Мамандандырылған мектеп 2 сағат қосымша сабақ өтіледі дегенді білдірмейді. Онда балалардың белгілі бір пәнді жетік білуі, дүниетанымы кең болуы қажет. Оқушылардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сезім жоғары болуы керек, – деді Президент.

    Білім деңгейі ең алдымен мұғалімнің білімі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан директорлар мен мұғалімдер мамандандырылған мектептерге екі кезеңнен тұратын іріктеу негізінде қабылданады. Президент Білім беру мекемелері агенттігіне осы жүйе негізінде жоғары білікті мұғалімдердің басын қосып, қосымша оқытып, ұлттық және халықаралық сертификаттар алуға көмектесуді тапсырды.

    Агенттіктің Педагогикалық шеберлік және халықаралық бағалау орталығының базасында ғылыми-зерттеу орталығын құру міндеті тұр. Ол мамандандырылған мектептердің әр бағыты бойынша халықаралық әдістемелерге негізделген озық білім беру бағдарламаларын әзірлеумен айналысады.

    Осы жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Президенттік білім беру мекемелері агенттігінің Қарақалпақстан Республикасы мен әр облыста облыстық филиалдарын құру көзделген.

    – Дамыған елдерде жоғары оқу орындарында тіл оқытылмайды. Өйткені студенттер жастайынан екі тілді біледі. Біз 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін шет тілін оқытамыз. Бірақ мектеп бітірушілердің қанша пайызы осы тілде сөйлей алады?! Бұған мемлекет қанша ақша жұмсайды! Тиімділік қайда, – деп сұрады Мемлекет басшысы.

    Сондай-ақ, Халыққа білім беру министрлігіне қарасты басқа мектептерде де білім сапасын арттыру, жаратылыстану және шет тілдерін тереңдетіп оқыту мәселелері талқыланды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates