Шараны Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.
Кездесудің ашылуында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Адхам Бекмуродов, БҰҰ-ның Өзбекстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Роли Астхан, тағы басқалар сөз сөйледі.
В.Норов өз баяндамасында бүгінде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың басшылығымен елдің ұлттық мүдделерін тиімді ілгерілетуге және заманалық халықаралық проблемаларға лайықты жауап қайтаруға мүмкіндік беретін ашық, дәйекті және терең ойластырылған сыртқы саясатты жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысының бастамасымен «2017-2021 жылдары Өзбекстанды дамытудың бес үстем бағыты бойынша Әрекеттер стратегиясында» белгіленген айқын және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізілді. Өзбекстанның аймақтық және халықаралық аренадағы орны мен беделін арттыруға ерекше назар аударылды.
Даму стратегиясының жүзеге асыру нəтижесінде Өзбекстанның көршілес елдермен, əлемнің жетекші елдерімен жəне халықаралық институттарымен саяси, экономикалық, мəдени қарым-қатынастары бұрын-соңды болмаған жаңа жедел басқышқа көтерілді.
Мемлекетте жүзеге асырылып жатқан түбегейлі өзгерістер кезеңінде Президент Шавкат Мирзияев 2022-2026 жылдарда Жаңа Өзбекстанды дамыту стратегиясында өз көрінісін тапқан сыртқы саясаттың жаңа, одан да маңыздырақ және өзекті мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді.
Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан, геосаяси шиеленістің күшеюімен сипатталатын жаһандық өзгерістер Орталық Азия елдері, көршілес және басқа да аймақтарға кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар, коронавирус пандемиясы және оның жаңа штаммдары себебімен жалғасып келе жатқан пандемиялық кедергілер мен шектеулер халықаралық ынтымақтастықтың барлық салаларына, ең алдымен экономикалық және логистикалық қатынастарға кері әсерін тигізуде.
Қазіргі жағдайда сыртқы саяси қызмет географиясын одан әрі кеңейту, шетелдік серіктермен, ең алдымен, көршілес елдермен түрлі деңгейдегі және үстем бағыттардағы ынтымақтастықты жандандыру, аумақ және әлемде болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде мониторинг жасау, аймақта және әлемде пайда болатын қауіптерге дер кезінде және жан-жақты жауап беру қажет екені тілге тиек етілді.
Дөңгелек үстел барысында В.Норов БАҚ өкілдерінің бірқатар сұрақтарына да жауап берді.
***
Сала сессиялары барысында кездесу қатысушылары Жаңа Өзбекстан сыртқы саясатының өзекті әрі үстем бағыттарын, сондай-ақ заманалық қауіп пен қатерлерді ескере отырып, елімізде жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформалар мен жетістіктерді жан-жақты талқылады.
Сыртқы саясатта Жаңа Өзбекстанның оң халықаралық имиджін ілгерілетуге, елдің әлемдік қауымдастықта жетекші орнын және беделді халықаралық рейтингтердегі жоғары орнын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар мен бастамалар қаралды.
Министрлік пен кеңселердің, ғылыми-зерттеу және сарапшылар-талдау мекемелері өкілдерінің сыртқы саясаты мен сыртқы экономикалық қызметінің түрлі бағыттарына арналған тақырыптарды тыңдалды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Шара қорытындылары бойынша баяндамашылардың тиісті ой пікірлері мен ұсыныстарын қамтитын арнайы жинақ шығару жоспарлануда.