Марапаттау рәсімі әйгілі “Tate Modern” заманалық өнер галереясында өтті, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.
“Wanderlust Reader Travel Awards” сыйлығы Wanderlust журналы тарапынан өткізілген бағыттар мен туроператорларға арналған беделді байқау. Журнал қызметкерлері әрбір марапат санаты үшін қысқа тізімдерді жасайды және жеңімпаздарды оқырмандар таңдайды. Биыл 3,6 миллионнан астам дауыс берілген.
1993 жылы негізі қаланған Wanderlust – Ұлыбританиядағы оқырмандар үшін бірінші нөмерлі саяхат журналы есептеледі. “Wanderlust” жылына шамамен 140 мың данамен 10 сан шығарады және оның веб-сайты әр ай сайын 1,2 миллион бірегей оқырмандарды тартады.