Өзбекстан мен Ұлыбритания парламенттері арасындағы ынтымақтастық одан әрі дамиды

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Лондон қаласында Ұлыбритания Парламентінің Лордтар палатасының спикері Жон Макфоллмен кездесті.

    Өзбекстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси-дипломатиялық диалогты кеңейту, парламенттік дипломатияны жандандыру, сауда-экономикалық байланысқа жаңаша қарау және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту сынды мәселелер келіссөздерге негіз болды.

    Алдымен, соңғы жылдарда Өзбекстанда адам құқы мен мүдделерін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, қоғамды одан әрі демократияландыруға және әлеуметтік-экономикалық реформаларды дамытуға бағытталған «Өзбекстан-2030» стратегиясы туралы толық мағлұматтар берілді.

    Сұхбат барысында елдеріміз арасындағы экономикалық серіктестікті дамытуға басты мәселе ретінде қаралып, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту елдеріміз үшін тиімді екені, Өзбекстан-Британия инвестициялық форумы екіжақты ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын дамыту үшін тиімді платформаға айналғаны баса айтылды.

    Өзара инвестицияды тарту, экономиканың түрлі тармақтары арасындағы байланыстар көлемін кеңейту, білім, технологиялар саласында қарым-қатынасты кеңейтуде екі мемлекет парламенттері мүмкініктерінен кең пайдалану жөнінде пікір алмасылды.

    Жалпы әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, Ұлыбритания мен Өзбекстандағы парламентаралық диалогты жандандыруға ерекше назар аударылды.

    Атап айтқанда, заңдарды қабылдау, парламенттік бақылауларды жүзеге асыру бағыттарында тәжірибе алмасу, өзара байланыс пен тығыз қарым-қатынасты нығайту мақсатында екі мемлекет парламенттері мүшелерінің сапарларын жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық парламенттік құрылымдар шеңберінде сындарлы ынтымақтастық орнату қажет екені айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates